Қаржы, инвестиция және цифрлық технологиялар саласындағы сарапшы. Әр жылдары Jusan Bank, Jusan Invest, First Heartland Capital, First Heartland Bank, Tengri Capital MB және VISOR Capital компанияларында басшылық қызметтер атқарған. Сонымен қатар HSBC Bank Kazakhstan және Royal Bank of Scotland халықаралық қаржы ұйымдарында қызмет еткен.
Warwick Business School бизнес мектебінде MBA дәрежесін, ал KIMEP University университетінде қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. «Тұран» университетінде құқық, University of Economics оқу орнында халықаралық бизнес және Mannheim Business School бизнес мектебінде бизнесті әкімшілендіру бағыттары бойынша білім алған. Stanford University университетінде Data Science Leadership бағдарламасынан өткен.
Teniz Tech компаниясында компанияның стратегиялық дамуына, технологиялық шешімдерді ауқымды түрде енгізуге, сондай-ақ қаржы технологиялары (FinTech), инвестиция және жасанды интеллект тоғысындағы өнімдерді дамытуға жауап береді.